"Қазақстандағы гейлер туралы фильм БҰҰ-ның бірнеше ұйымы ұйымдастырған жастар фильмдері конкурсында бірінші орын алды" деп хабарлады БҰҰ радиосының ресми сайты.
"Айбек" деп аталатын фильмді қазақстандық жас автор Айша Сәлімгереева түсірген. Нью-Йоркте өткен марапаттау салтанатында БҰҰ радиосына сұхбат берген фильм операторы Әлихан Смағұловтың айтуынша, шығармашылық топ фильмде "Қазақстанда гей болудың қандай екенін" көрсетпек болған. Фильмде Қазақстандағы гейлер, олар кезігетін қиындықтар баяндалған. Смағұловтың айтуына қарағанда, фильм бес күнде түсірілген, бірақ фильмде басты рөлді ойнайтын адамды табу қиынға соққан.