Тәжікстанда Хатлон облысының соты Вахша ауданының тұрғынын "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстермистік ұйымының идеяларын әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген айыппен алты жылға соттады. Сот 21 жастағы Фируза Абдулазизованы "БАҚ немесе интернет желілерін қолданып, Тәжікстанның конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге жария түрде шақырды" деп айыптады.
Абдулазизов биыл 15 тамызда Мәскеуден оралған соң ұсталған.
"Тәжік мигранты Ресей астанасында жүріп, әлеуметтік желілер арқылы экстремистік сипаттағы сурет пен видео таратқан. Абдулазизова "Одноклассники" әлеуметтік желісіндегі парақшасында ИМ-нің қара түсті туын орналастырып, қолданушыларды осы ұйымның идеяларын қолдауға шақырған" деді Азаттықтың Тәжік редакциясына Хатлон облыстық сотының аты-жөнін атамаған қызметкері.
Абдулазизованың адвокаты Нусратулло Мирзоев сотталушының "өз кінәсін мойындағанын" айтты. Сот үкімі әзірге орындалған жоқ.