Бішкекте өтіп жатқан ұлықтау салтанатында сөйлеген Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қызметінен кетіп жатқан президент Алмазбек Атамбаевқа алғыс білдіріп, алғашқы жарлығымен оған "Қырғыз Республикасының Батыры" атағын беретінін және "Ак-Шумкар" орденімен марапаттайтынын мәлімдеді.
Жээнбеков бұған қоса сайлаушылар мен партияластарына өзіне сенім білдіргені үшін алғыс білдірді. "Елдің тағдыры - бұл әрбіріміздің тағдырымыз. Мен үшін өмірдің - мәні сіздердің сенімдеріңізді ақтау және мемлекеттілікті нығайту" деді Қырғызстан президенті.
Ол сонымен қатар Атамбаев бастаған даму жолын, мемлекеттік басқарудың парламенттік формасын жақтайтынын мәлімдеді.
Сооронбай Жээнбековті ұлықтау салтанаты Бішкектегі "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында өтіп жатыр.