Назарбаев Минскіге барды

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь астанасы Минскіге барды" деп хабарланды Ақорданың Twittter-дегі парақшасында.

Ресми мәлімет бойынша, Назарбаев сапар барысында Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездеседі. Ол сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мерейтойлық сессиясына да қатыспақ.

ҰҚШҰ саммиті 30 қарашада өтеді деп жоспарланған.