Тамара Лицинская жұмысшылар факультетінің (совет өкіметінің жұмысшы және кедей шаруа жастарына жалпы орта білім беру үшін ашқан оқу орны - рабфак) екінші курс студенті болған. Алты ай абақтыда отырғаннан кейін 28 жастағы әйел "антисоветтік террорлық ұйымға қатысқан" деген айып бойынша атылған.
25 жастағы альпинист Олег Корузн «шпион» және «террорлық іс-әрекетке қатысы бар» деген айып бойынша ату жазасына кесілген.
"Жапон тыңшысы" деген айып бойынша ату жазасына кесілген Раиса Боленнің жасы 21-де еді. Ол Солтүстік теңіз жолы бас басқармасында машинист болып жұмыс істеген.
Евгения Ярославская-Маркон 1931 жылы 30 жасында қызыл террордың құрбаны болды. Оның жұбайы ақын Александр Ярославский бес жылға сотталып, Архангельск облысындағы Соловки лагерінде айдауда болды. 1930 жылы Евгения күйеуінің тұтқыннан қашуына көмектесу үшін жоспар құрған, бірақ кейін жоспары әшкереленіп, тұтқындалған. Совет билігі әуелі Александр Ярославскийді, жарты жылдан соң әйелін де ату жазасына кескен.
Совет театр режиссері Всеволод Мейерхольд 1939 жылы "контрреволюциялық қылмыстық іс-әрекеті үшін" тұтқындалып, жарты жылдан соң, 1940 жылы ақпанда СССР Жоғарғы соты әскери алқасының үкімі бойынша атылған. Оның әйелі Зинаида Райхты 1939 жылы түн ішінде пәтеріне баса-көктеп кірген белгісіз біреулер 17 рет пышақ салып өлтіріп кеткен.
Режиссер Всеволод Мейерхольдтің әйелі Зинаида Райхты 1939 жылы түн ішінде пәтеріне баса-көктеп кірген белгісіз біреулер 17 рет пышақ салып өлтіріп кеткен.
Орыс православие шіркеуінің 50 жастағы священнигі Михаил Шик 1937 жылы ату жазасына кесілген.
Хасан Бахаевтың фотоколлажында советтік диктатор Иосиф Сталиннің билігі кезіндегі қызыл террордың құрбандары қазіргі заманғы адамдар бейнесінде суреттелген. Бахаев СССР аумағында жаппай қырып-жою саясатының жүргізілгеніне сонша көп уақыт өтпегенін, репрессиядан қаза тапқандардың біздің заманымызда өмір сүріп жатқан адамдардан еш айырмашылығы болмағанын айтады.