АҚШ президенті Трамптың Иерусалим мәртебесі туралы сөзі қарсылық тудырды
Your browser doesn’t support HTML5
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп тану және Тель-Авивтегі АҚШ елшілігін соған көшіру туралы мәлімдемесіне байланысты шұғыл жиын өткізбек. Газа секторын бақылайтын ХАМАС радикалдық ұйымының басшысы Исмаил Хания палестиналықтарды АҚШ билігінің бастамасына қарсылық танытуға шақырды. Палестиналықтар мұсылман, христиан және еврейлердің киелі орындары шоғырланған қаланың ескі бөлігі – Шығыс Иерусалимді өздерінің астанасы деп тануды талап етеді. Араб елдерінің басшылары Трамптың шешімін сынады. Батыс елдерінің көпшілігі Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындамайды. Қазақстан Иерусалимнің мәртебесін анықтау мәселесінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімін басшылыққа алатынын мәлімдеді. "Осы шақ" бағдарламасының видеосы - орыс тілінде.