Шымкенттік белсенді қамауға алынды

Сүйін Абулда, азаматтық белсенді

8 желтоқсанда Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты азаматтық белсенді Сүйін Абулданы екі айға қамауға алу туралы санкция берді. Бұл мәліметті аудандық соттың судъясы Ғани Байарыстан Азаттыққа растады.

Сүйін Абулданың үстінен Қылмыстық кодекстің 420-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалған. Белсендіге "алаяқтық ісі бойынша жалған куәлік бергені үшін" айып тағылған. Оның өзімен, я адвокатымен хабарласу мүмкін болмай тұр.

Абулда 2016 жылдың 18 мамыр күні жер мәселесі бойынша митинг өтуі мүмкін екені туралы хабар таратқаны үшін 15 тәулікке қамалған. Сол уақытта бірнеше қалада үкіметтің жер реформасына қарсы тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең ауқымды әлеуметтік наразылық акциялары өткен еді.