Ресей сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қазақстанның осы елдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовті "Халықаралық ынтымақтастыққа үлес қосқаны үшін" наградасымен марапаттады.
Ресей СІМ таратқан ақпаратқа қарағанда, Қазақстан елшісіне награданы сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин тапсырды. Министрлік "Достық пейілдегі Қазақстан елшісіне бұл награда екі ел арасындағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынасты дамытудағы және мәдени диалогты кеңейтудегі еңбегіне және ортақ интеграциялық бірлестік аясындағы өзара іс-қимылы үшін берілгенін" айтады.
Иманғали Тасмағамбетов биыл 3 ақпанда Ресейге елші болып тағайындалған.