БАҚ: Григорий Цурканудың қазасын естіртті

Григорий Цуркану (сол жақта) мен Роман Заболтныйдың тұтқынға түскен сәті.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы тұтқындаған ресейлік Григорий Цурканудың ата-анасы өздеріне ұлдарының қазасын естірткенін айтты.

Оларға«ЧВК Вагнера» (ЧВК – жекеменшік әскери компания, бұдан ары - «Вагнер» жасағы) компаниясынан белгісіз ер адам келіп, ұлдарының жарақаттан қайтыс болғанын, оның жанындағы Роман Заболотныйды экстремистер өлтіргенін хабарлаған.

Қосымша дерек: «Вагнер» жасағын мемлекет құрған»

Григорийдің анасы Валентина Цурканудың «Дождь» телеарнасына айтуынша, белгісіз адам өзін "Андрей" деп таныстырған. Ол Цурканудың ата-анасына ұлдарының қайтыс болғанын желтоқсанның 4-інде естіртіп, материалдық көмек ұсынған. Алайда Цурканудың ата-анасы одан бас тартқан.

Қазан айында Ресей БАҚ-ы депутат Виктор Водолацкийге сілтеме жасап, Сирияда тұтқынға түскен Цуркану мен Заболотныйдың экстремистер қолынан қаза тапқанын хабарлаған.