Ресей Жоғарғы соты Telegram компаниясының Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қарсы шағымын қабылдады. Компания өкілдері арнайы қызметтің мессенджерден қолданушыларының мәліметін талап етуін заңсыз деп тануды сұрайды.
16 қазанда Мәскеу соты Telegram-ға ФСБ-мен жұмыс істесуден бас тартқаны үшін 800 мың рубль айыппұл салған. Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров ФСБ-нің бұл талабы Ресей Конституциясының "әр азаматтың жазысқан хаттарын құпия ұстауына құқығы бар" деген ережесіне қайшы келетінін айтады.
Желтоқсанда Мәскеудің Мещан аудандық соты Telegram-ның айыппұл төлеуге қарсы шағымын қарамай тастаған. Ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын Роскомнадзор мекемесі Ресейде Telegram-ды бұғаттау құқығына ие болған.