Алматыда ішкі істер министрлігінің екі қызметкері «пара алды» деген күдікпен ұсталды. Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарлауынша, ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Григорьев пен ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің аға тергеушісі, капитан Нұрболатов 3 қаңтар күні ұсталған.
Ұлттық бюро ақпаратына қарағанда, полиция қызметкерлері параны «жеке тұлғаны қылмыстық жауапқа тартқызбау үшін» алмақ болған. Күдіктілер уақытша тергеу абақтысына жабылған. Бұл факт бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.