Алматыдан 603 шақырымда жер сілкінді

Көрнекі сурет.

Алматыдан 603 шақырым аймақта жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісі 9 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 6:53-те Алматыдан оңтүстік-батысына қарай Тәжікстан аумағында болған. Зілзала қуаты 5 магнитуданы құраған.

Жер сілкінісінің жұртқа қаншалықты сезілгені туралы мәлімет жоқ.