Астана қаласының әкімдігі 12 қаңтарда оқушылар мен студенттерге оқу жалғасатынын хабарлады.
11 қаңтарда Астанадағы қатты боран салдарынан мектептерге сабақ тоқтап, әуежай уақытша жабылған. Қала әкімі Әсет Исекешев Астанада төтенше жағдай жариялап, кей мемлекеттік мекемелер, базарлар мен сауда орталықтары да жұмысын тоқтатқан.
Қалалық әкімдік Астанада бораннан кейін қалпына келтіру, тазалық жұмыстары басталған хабарлады.
11 қаңтарда Астанада болған боран
Your browser doesn’t support HTML5