АҚШ президенті Дональд Трамп ақпанда Лондонға бармайтын болды. Трамп келесі айда Лондонға жұмыс сапарын жоспарланған. Ол Ұлыбритания астанасында АҚШ елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысуы тиіс еді.
Трамп Twitter парақшасында елшіліктің ашылуына қатысқысы келмейтінін жазған. Ол Барак Обаманың әкімшілігі бұрынғы ғимаратты арзанға сатып, жаңа ғимаратты қымбатқа салды деп айыптады.
Reason I canceled my trip to London is that I am not a big fan of the Obama Administration having sold perhaps the best located and finest embassy in London for “peanuts,” only to build a new one in an off location for 1.2 billion dollars. Bad deal. Wanted me to cut ribbon-NO!
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) January 12, 2018
Ал британиялық басылымдардың пайымдауынша, Трамп Лондонға келсе оның сапарына қарсы шеру өтеді деп қауіптенеді. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Трампты Лондонға өткен жылы шақырған. Бірақ британиялық заң шығару орындары Трамптың парламентте сөз сөйлеуіне қарсы шыққан.