Прага соты Украина азаматы, Femen тобының мүшесі Анжелина Диашты 12 қаңтарда сайлау учаскесінде Чехия президенті Милош Земанға шабуыл жасағаны үшін үш ай шартты мерзімге соттады. Президент сайлауына дауыс беру кезінде Земанның күзетшілері оған жасалған шабуылдың алдын алып қалған. Бірақ соған қарамастан белсенді Чехия президентіне қарата «Земан – Путиннің жезөкшесі» деп бірнеше рет айқайлап үлгерген.
Анджелина Диаштың бір жыл бойы Чехияға кіруіне тыйым салынды. Енді ол Чехиядан депортацияланады. Диаш айыбын мойындамайтынын, бірақ жазасын өтейтінін мәлімдеді.