Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Вашингтонға барды деп хабарлады 16 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі. Назарбаев сапар барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен, ресми және іскер топ өкілдерімен кездеспек. Назарбаев 16-18 қаңтар аралығындағы сапарында сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынына да қатысады.
Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз қызметі Вашингтонда екі ел президенті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер мен АҚШ-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылайтынын, бірнеше халықаралық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды сөз ететінін хабарлаған.
Ал Қазақстанның мемлекеттік ақпарат агенттіктері екі ел президенті Ресеймен қарым-қатынас, Сириядағы соғыс және сауда мәселелерін талқылайтынын хабарлаған.
Қазақстандық кейбір сарапшылардың болжамынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарында демократия мен адам құқығы мәселелері талқылануы екіталай. Мамандар “АҚШ президенті Дональд Трамп пен Назарбаев Ұлттық қордың америкалық банкте "бұғатталып жатқан" ақшасы сөз етуі ғажап емесін» айтады.