АҚШ-та 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің "ықтимал килігуін» тергейтін арнайы прокурор Роберт Мюллер президент Дональд Трамптың стратегиялық мәселелер бойынша бұрынғы кеңесшісі Стив Бэннонды жауап алуға шақыртты. Стив Бэннон президент көмекшілерінің Ресеймен ықтимал байланыстары туралы мәселе бойынша үлкен алқа жюрилеріне куәгер ретінде жауап бермек.
Мюллер Трампқа жақын адамнан ақпарат алу үшін бірінші рет үлкен алқа жюрилерінің шақыртуын пайдаланып отыр.
Стив Бэннон жабық түрде өтетін ыңдауда өкілдер палатасының барлау комитеті мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Бұл комитет те Ресейдің АҚШ президенті сайлауындағы рөлін тексеріп жатыр.
Трамптың «Американы қайтадан ұлы ел қыламыз» деген бағдарламасын қолдайтын Бэннон Ақ үйдегі қызметінен 2017 жылы тамызда босатылып, оңшыл радикалдық Breitbart News интернет басылымындағы бұрынғы жұмысына қайта оралған. Осы аптаның соңына қарай Трамптың сайлау алды штабының бұрынғы менеджері Кори Левандовски де барлау комитетіне жауап бермек.