Шымкент-Ташкент автобус бағытының жол ақысы арзандады

Шымкентте Ташкентке қатынайтын автобусқа отырып жатқан жолаушылар. Шымкент, 5 қаңтар 2018 жыл.

Шымкент - Ташкент бағытында жүретін автобустың жол ақысы 3350 теңгеден 2400 теңгеге арзандатылды. Бұл туралы Азаттыққа Шымкент қалааралық автобустар автовокзалы директорының орынбасары Салауат Күмісов айтты.

- Жол ақысы 3350 теңгеден 2400 теңгеге арзандады. Автовокзал әкімшілігі тасымалдаушы компанияларға халықтың жағдайына байланысты жол ақысын арзандату туралы ауызша өтініш жасады, - дейді ол.

Салауат Күмісовтың сөзінше, Шымкент-Ташкент бағытында күніне екі автобус жүреді.

- Автобус толып кетеді деп айта алмаймыз. Қаңтар, ақпан айы жолаушылар аз жүретін кез. Бір автобусқа 15-20 адам ғана отырып жатыр, - дейді ол.

Шымкент - Ташкент халықаралық автобус бағытының алғашқы рейсі 5 қаңтар күні жолға шыққан.

ВИДЕО: Шымкенттен Ташкентке автобус жүрді (05.01.2018)

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкенттен Ташкентке автобус жүрді