АҚШ-та "Әйелдер маршы" өтті

Чикагодағы "Әйелдер маршына" шыққандар. 20 қаңтар 2018 жыл.

АҚШ-тың жүздеген қаласында 20 қаңтарда Трамп президенттігінің бір жыл толуына орай "Әйелдер маршы" ұйымдастырылды.

Шара қатысушылар иммигранттар мәселесі, әйелдер мен ЛГБТ құқығын көтеріп, Трамп әкімшілігін жұмысын сынады.

Вашингтондағы "Әйелдер маршына" ондаған мың адам шықты. Олардың арасында әйел-сенаторлар мен Конгреске мүше демократтар бар. Ал Нью-Йорк, Кливленд, Ричмонде Милуок, Остин, Сиэтл, Лос-Анджелестегі "маршқа" да мыңдаған адам қатысты. Шеру елдің 230 қаласында өткен.

Дональд Трамп Twitter аккаунтында "Елде әйелдер маршқа шығатындай тамаша ауа райы болып тұр. 12 айдың ішінде елде әйелдер арасында жұмыссыздар саны 18 жыл ішінде ең төменгі деңгейге жетті. Бұл жетістікті сыртқа шығып тойлайық" деді.