22 қаңтарда СҚО-да мектептерде сабақ болмайды

Көрнекі сурет.

22 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. 21 қаңтарда өңір тұрғындары 112 қызметінен дүйсенбіде 30 градус аяз болатындығы туралы хабарлама алған.

"Қазгидромет" орталығы 22-26 қаңтар арасында Қазақстанның бірнеше облысында күндіз -30-35, түнде -40-45 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.

11 қаңтарда Қазақстанның бірнеше аймағында қатты боран болып, жолдар жабылған. Ал Астанада ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланған.