Шаңғышы Полторанин әлем кубогы кезеңінде алтын алды

Алексей Полторанин.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде алтын алды.

Ол 15 километрге классикалық әдіспен жарысуда жеңіс жетті. Полторанин бұл қашықтықты шаңғымен 36:54,7 минутта жүгіріп өтті. Күмісті норвегиялық Йоханнес Клэбо, қоланы швециялық Калле Хальварссон иеленді.

Алексей Полторанин - шаңғымен жүгіруден Азия ойындарының чемпионы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол биыл 9-26 ақпанда өтетін қысқы олимпиадаға қатысады.