Бірнеше облыста мектептерде сабақ тоқтатылды

Көрнекі сурет.

Қатты аязға байланысты Қазақстанның бірнеше облысында сейсенбіде де мектептерде сабақ тоқтады. 23 қаңтарда аяз күшейгендіктен Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында және Астанада 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде -35, -38 градусқа дейін жеткен.

Павлодар және Қарағанды облыстарында және Қостанайда 1-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Қазақстанның солтүстігі мен шығысындағы облыстарда аяздың күшеюінен 22 қаңтардан бері мектептерде сабақ тоқтатылып жатыр.

"Қазгидромет" 22-26 қаңтар арасында Қазақстанның бірнеше облысында күндіз -30-35, түнде -40-45 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.