Алматы аумағында 2 ақпан күні жер сілкінді. Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 15:44-те болды. Зілзала күші 3,7 магнитуданы құрады.
Зілзала жер қыртысының 10 километр тереңдігінде болғаны хабарланды.