Пхеньян Оңтүстік Кореяға жоғары деңгейдегі делегациясын жібермек

Ким Ен Нам, Солтүстік Корея парламентінің төрағасы.

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяда өтетін олимпиадаға елдің номиналды басшысы Ким Ен Нам бастаған жоғары деңгейдегі делегациясын жібермек. Бұл жайында Оңтүстік Кореяның бірігу істері жөніндегі министрлігі хабарлады. Ким Ен Нам Солтүстік Корея парламенті саналатын Жоғарғы халық жиыны президиумының төрағасы қызметін атқарады.

Оңтүстік Кореяның бірігу істері жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, Ким Ен Нам бастаған делегация елге 9 ақпанда үш күндік сапармен келеді.

Пхеньян Пхенчханда өтетін қысқы олимпиадаға 22 спортшы жіберіп отыр. Олимпиада 9 ақпанда басталып, 26 ақпан күні аяқталады. Сеул осы уақыт аралығында екі ел арасында келіссөз болады деп үміттеніп отыр. Соңғы уақытта Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламасына байланысты екі ел қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен еді.

Олимпиада күнтізбесі: