ХОК президенті олимпиада бюджеті туралы айтты

Томас Бах баспасөз мәслихатында. Пхенчхан. 7 ақпан 2018 жыл.

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах 7 ақпанда Пхенчханда (Оңтүстік Корея) арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Бах Пхенчхандағы қысқы олимпиаданы өткізуге 2,4 миллиард доллар жұмсалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Томас Бахтың айтуынша, қала олимпиаданы өткізуге толық дайын. Билеттердің 78 пайызы сатылған.

Бах олимпиадаға 95 елден спортшы келгенін, Эритерия, Косово, Эквадор, Малайзия, Нигерия, Сингапур алғаш рет қатысатынын атап өтті.

Қарай отырыңыз: Олимпиада туралы Азаттықтың арнайы парақшасы

Қысқы олимпиада ойындары 9-25 ақпан арасында өтеді. Бұл жарысқа Қазақстаннан 46 спортшы қатысады.