Қазақстан президентінің жарлығымен Кәрім Көкірекбаев Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың твиттер парақшасында хабарланды.
Кәрім Көкірекбаев 60 жаста. Мамандығы жол қатынастарының инженері, экономист. Біраз жылдар жол-көлік саласында, кейіннен Жамбыл облысында басшылық қызметтерде болған. 2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарған.
Жамбыл облысының көп бөлігі Қырғызстанмен шекараласады.
Бұған дейін осы қызметті атқарған Айымдос Бозжігітов Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.