11 ақпан күні Темза өзеніне жақын аумақтан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылып, Лондон қалалық әуежайы уақытша жабылды. Бомба Лондон әуежайының ұшу-қону жолағына жақын Король V Георгийдің сарайында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде табылды.
«Полиция қауіпсіздік мақсатында 214 метрге жететін аумақты қоршағандықтан, әуежай жабылды» делінген әуежай мәлімдемесінде. Ресми органдардың 12 ақпан күні таңертең хабарлауынша, арнайы топ әскерилермен бірге бомбаны залалсыздандырып жатыр. Туристерге әуежайға бармау туралы ескертілді. «12 ақпанда Лондон қалалық әуежайынан ұшатын барлық жолаушыларға билет алған әуе компанияларына хабарласу керегі ескертілді» делінген әуежай мәлімдемесінде.
Лондонның шығысындағы қалалық әуежай жақын қашықтықтағы рейстерге қызмет көрсетеді және қала сыртындағы халықаралық Хитроу әуежайынан әлдеқайда шағын.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1940 жыдың қыркүйегінен 1941 жылдың мамырына дейін жалғасқан «Блитц» операциясында нацистік Германия әуе күштері Лондонға мыңдаған бомба тастаған.