Қытаймен шекарадағы «Қорғас» халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығы 25 ақпанға дейін уақытшы жабылды. Khorgos.biz сайтының хабарлауынша, Қытайда шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл тойланатын уақытта Қорғас бекеті 11-25 ақпан аралығында жабық болады. Қытай жағындағы сауда орындары бұл күндері жұмыс істемейді.
Бірақ Қазақстан шекарасы бұл күндері әдеттегі жұмыс режимі бойынша сағат 7-19 аралығында жұмыс істей береді.