Қазақстан Білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының директоры мен оның орынбасары ауысты. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, бұған дейінгі директор Әнуар Боранбаевтың орнына Досым Сүлеев, ал оның орынбасары болып Нұрсәрсен Өзбеков тағайындалған.
Досым Сүлеев бұған дейін Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры, премьер-министр кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.