Ресейде 26 ақпаннан бастап Беларусьтен кез-келген сүт өнімін кіргізуіге тыйым салынады. Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі (Россельхознадзор) тыйым «ветеринарлық-санитарлық талаптардың бұзылғаны бірнеше рет анықталған соң» салынғанын хабарлады.
Ресейде 2014 жылдан бастап Батыс елдерінен азық-түлік импорттауға тыйым салынған.
Россельхознадзор бұған дейін кейбір беларусь азық-түлік өнімдерін, оның ішінде ет пен сүтке талай рет тыйым салған. Ведомство бұл өнімдер Украинадан Беларусь арқылы жеткізіледі деп болжайды.