Сатирик Үмбетбай Уайдин қайтыс болды

Үмбетбай Уайдин, сатирик жазушы

Сатирик жазушы Үмбетбай Уайдин өмірден озды деп хабарлады Азаттыққа оның ұлы Ардагер Уайдин.

Ұлының айтуынша, 82 жастағы әкесі 1 наурыз күні түстен кейін Алматыда өз үйінде қайтыс болған. Ол әкесінің бір жылдан бері ауырып жүргенін айтады.

Үмбетбай Уайдин Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында туған. Ол Қазақ радиосы, «Ара-Шмель» журналы, Қазақфильм киностудиясы, «Өнер» баспасы, Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарған. Бірнеше сатиралық кітап жазған. Кітаптары орыс, украин, қырғыз тілдеріне аударылған.

Біраз жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде дәріс берген.