Қазақстан парламентінің қос палатасы 5 наурыз күні бірлескен отырыс өткізеді. Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин 5 наурыз күні сағат 12-ге палаталардың бірлескен отырысын шақыру туралы өкім шығарды. Бірлескен отырыста қандай мәселе қаралатыны айтылмайды.
Қазақстанда парламент палаталарының бірлескен отырысы әдетте парламент каникулға кетерде немесе жаңа сессиясы қарсаңында өткізіледі.