Әзербайжан астанасы Бакуде есірткіге тәуелділіктен айықтыру орталығы өртеніп, кем дегенде 25 адам қаза тапты. Өрт 2 наурыз күні таңға жуық уақытта шықты.
Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, күйік шалған үш адам ауруханаға түсті, қаза тапқандар туралы мәлімет әлі нақтыланып жатыр.
Төтенше жайдайлар министрлігі өрттің сөндірілгенін, толығырақ ақпарат кейіндеу жарияланатынын хабарлады.
Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
Төтенше жағдай министрі Камаладдин Хейдаров, ішкі істер министрі Рамиль Усубов және вице-премьер Әли Хасанов оқиға орнына барды.
Наркологиялық орталықтағы өрт