Рейхерд әлем кубогы кезеңінде қола алды

Дмитрий Рейхерд Пхенчхан олимпиадасында.

Қазақстандық Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзава таулы аймағында фристайлдың могул түрінен өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль алды - 87,26 ұпай. Алтынды жапониялық Икума Хорисима (91,03), күмісті канадалық, Пхенчхан олимпиадасының чемпионы Микаэль Кингсбери (89,27) иеленді.

Әйелдер арасындағы жарысқа қатысқан қазақстандық Юлия Галышева 7-орыннан көрінді. Галышева - Пхенчхан олимпиадасының қола жүлдегері. Рейхерд Оңтүстік Кореяда өткен олимпиадада жүлде иелене алмаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның нәтижесі төмендеген олимпиада

Жапониядағы кезең - фристайлдың могул түрінен биылғы қысқы маусымдағы соңғы жарыс.