Астана мен Петропавлда мектептерде сабақ тоқтатылды

Көрнекі сурет.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбырдан соң көшеде көктайғақ болып, Петропавлда мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылды деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Қалада жаңбыр жауып, көше көктайғаққа айналған. Салдарынан қала көшелерінде жол-көлік оқиғасы көбейіп, қозғалыс қиындаған.

Бүгін Астанада да ауа-райына байланысты мектептерде бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. 6 наурыз күні де Астанада әуелі бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушыларына, кейін екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған еді.