Копенгаген қалалық сотында швед журналисі Ким Валльді азаптаған және өлтірген деген айып тағылған даниялық өнертапқыш Питер Мадсеннің ісі бойынша процесс басталды. Қылмыс оқиғасы өткен жылы тамыз айында жекеменшік сүңгуір қайықта болған.
Сот процесінде прокурор Якоб Бух-Йепсеннің айыптау құжатын оқыған. Питер Мадсен сотқа қорғаушысымен бірге қатысып отыр. Оның адвокаты Бетина Халд Энгмарк сотқа Мадсеннің кінәсі жоқ екені туралы өтініш білдірген. Мадсеннің сөзінше, ол "теңіздегі саяхат барысында қайықтың жоғарғы палубасында болған кезде Вааль кездейсоқ қазаға ұшыраған". Мадсен қаза болған журналистің денесін бөлшектеп, суға тастағанын мойындаған.
Айыптаушылар Мадсен Ваальді қасақана өлтірген деп санайды. Оған дәлел ретінде, Мадсеннің сол жолғы сапарға әдетте пайдаланбайтын құралдарды ала шыққанын келтіреді. Копенгагендегі сот процесі сәуірдің 25-іне дейін жалғасады деп хабарланды.