Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада өрт болған

Көрнекі сурет

Сенбі күні Қарағанды қаласы маңындағы шахтада болған өрттен кейін эвакуация жасалған. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы баспмасөз қызметінің хабарлауынша, наурыздың 10-ы күні кешке Иван Костенко атындағы шахтадағы "желдеткіш түйілісі тұсында" өрт тұтанғаны туралы хабар түскен.

"Ауысым бастығы апатты жою жоспары бойынша шараларды дереу іске қосқан. Шахтадағы барлық жұмысшылар жер үстіне, қауіпсіз орынға шығарылған", - деп хабарлады АМТ компаниясы баспасөз қызметі.

Иван Костенко атындағы шахта – көмір өндіретін ең ірі жерілікті кәсіпорындардың бірі. АМТ баспасөз қызметі өрт себептерін анықтау үшін комиссия құрылатыны туралы хабарлады.