Ресей қорғаныс министрлігі ресейлік жаңа қару - "Кинжал" деп аталатын дыбыстан да жылдам зымыран кешенін сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеді деп хабарлады Азаттықтың Орыс редакциясы. "Кинжал" авиациялық кешені арқылы зымыран МиГ-31 истребителінен жіберілген.
"МиГ-31 истребителі Оңтүстік әскери округ аумағындағы аэродромнан ұшып шықты. Зымыран полигондағы шартты нысананы асқан дәлдікпен атып түсірді" делінген Ресей қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Ресми мәлімет бойынша, жаңа "Кинжал" зымыран кешені құрлықтағы және теңіздегі нысандарды жоюға арналған.