Эмомали Рахмон Астанаға сапарлап келді

Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Эмомали Рахмонды Астана әуежайында Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шөкеев күтіп алды.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Рахмонның сапары барысында екі жақты, аймақтық және халықаралық мәселелер мәлелелер талқыланатынын хабарлаған.

Эмомали Рахмон 15-16 наурызда Астанада өтетін Орталық Азия (ОА) елдері басшыларының саммитіне де қатысады. Саммитке Тәжікстаннан өзге Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары қатыспақ. Түркіменстаннан саммитке осы ел парламентінің төрайымы бастаған делегация келеді.