Мирзияев 15 наурызда Астанаға сапарлап келеді

Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 наурызда Астанаға жұмыс сапарымен келеді деп хабарлады өзбекстандық ресми БАҚ.

Өзбекстан президенті сапар барысында Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы саммитіне қатысады. Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарламасында кездесу "Шавкат Мирзияевтің ұсынысымен" өткізілетіні айтылған.

"Өзбекстан ұсынысын аймақтағы барлық елдер қолдады. Қазақстан жоғары деңгейдегі алғашқы кездесуді Астанада өткізуді ұсынды" делінген Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шавкат Мирзияев Астанада Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми түрде ашылу салтанатына қатыспақ. Мирзияев сонымен қатар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспек.