Ресей Жоғарғы соты Telegram мессенджерінің Федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қарсы арызын қабылдамай тастады деп хабарлады "Медиазона" басылымы.
Telegram өкілдері арызында ФСБ-ның мессенджердегі хат-хабарларды шифрлайтын кодты беру туралы бұйрығын заңсыз деп тануды талап еткен.
Былтыр 16 қазанда Мәскеу соты Telegram-ға ФСБ-мен жұмыс істесуден бас тартқаны үшін 800 мың рубль айыппұл салған. Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров ФСБ-нің бұл талабы Ресей Конституциясының "әр азаматтың жазысқан хаттарын құпия ұстауына құқығы бар" деген ережесіне қайшы келетінін айтады.
Бірақ ФСБ мессенджер қолданушыларының хат-хабары "Конституция қорғайтын ақпарат емесін" айтады.
Ресейде енді бұл мессенджер бұғатталуы мүмкін.