Адвокат Омарова "Халықаралық батыл әйелдер" сыйлығын алды

Айман Омарова.

Қазақстандық адвокат Айман Омарова "Халықаралық батыл әйелдер" (International Women of Courage Awards-2018) сыйлығын иеленді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайты хабарлады.

Марапатты АҚШ үкіметі тағайындаған. Сыйлықты тапсыру 21 наурызда Вашингтонда өтуі керек еді. Бірақ АҚШ-та ауа райының күрт суытуына байланысты рәсім 23 наурызға ауыстырылды.

Сыйлықты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Салливан мен АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамп табыстайды.

Көре отырыңыз: Қазақстандық белсенді әйелдер

Your browser doesn’t support HTML5

Белсенді әйелдер

Айман Омарова Қазақстанның Жамбыл облысында туған. Ол әйел және бала зорлау, түрмеде қысым жасау істері бойынша көптеген істе қорғаушы болған. Қазақстандағы #НеМолчи.KZ қозғалысын құрған.

"Халықаралық батыл әйелдер" сыйлығы осымен 12-рет табысталмақ. Омаровадан бөлек бұл сыйлықты биыл Мавритания, Руанда, Косово, Таиланд, Ирак, Ауғанстан, Гондурас, Италия елінің әйелдері алады.