23 наурызда Ресейдің орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының қортындысын жариялады. ОСК елде президент сайлау өтті деп таныды.
ОСК дерегінше, 18 наурыздағы сайлауда қазіргі президент Владимир Путин жаңа мерізімге сайланып, сайлаушылардың 76,6 пайыз дауысын алды. Оған сайлауға қатысқан ресейліктердің жартысы - 56 миллионнан аса адам дауыс берген. Сайлауда екінші орынды 12 пайыздық көрсеткішпен КПРФ кандидаты Павел Грудин алды. үшінші орындағы ЛДПР жетекшісі Владимр Жириновскийге сайлаушылардың 6 пайыздайы дауыс берген. "Барлық кандидатқа қарсы" сайлауға түскен тележүргізуші Ксения Собчак шамамен 1,7 пайыз дауыс жинаған.
Орталық сайлау комиссиясы Ресей президентінің сайлау кезінде айтарлықтай ереже бұзылмағаны туралы мәлімдеді. Сайлаушылар құқығын қорғайтын "Голос" қозғалысының пайымдауынша, айтарлықтай бәсеке болмағандықтан бұл сайлауды таза өтті деуге келмейді. Бақылаушылар дауыс беру кезінде бюллетень тастау, сайлаушылар тізімін өзгерту, қатысушылар санын көбейтіп көрсету, бюджеттіктер мен әскерилерді дауыс беруге күштеу әрекеттерін тіркеген. Бұған дейін Еуропа Одағы Ресей аннекциялаған Қырымдағы сайлау қортындысын мойындамайтынын мәлімдеген.
Видео: Қазақстандағы ресейліктер қалай дауыс берді?
Your browser doesn’t support HTML5
Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова бұрын заңмен проблемасы болған кей кандидаттардың сайлауға қатыса алмағанына өкініш білдірді. Билік Алексей Навальныйды "Кировлес" ісіне байланысты сотталғаны үшін сайлауға өткізбеген. Оппозиционер өз жақтастарын мемлекет басшысының сайлауына байкот жариялауға шақырған.