Шығыс Қазақстанда су басқан аудандардан 750 адам көшірілді

Тасқын су басқан Шығыс Қазақстан аудандарының бірі. 11 наурыз 2018 жыл (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысында су басқан екі ауданда соңғы бес күнде 750-ден астам адам құтқарылды деп хабарлады Қазақстан Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетіне сілтеген жергілікті ақпарат агенттіктері.

ҚазАқпараттың төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлауынша, эвакуацияланған адамдардың көпшілігі туыстарының үйіне, кейбірі эвакуация пунктеріне орналасқан. Соңғы мәлімет бойынша, әзірге дейін 44 адам үйлеріне қайтқан.

Глубокое және Шемонаиха аудандарында бұған дейін су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған. Су тасқыны облыстың басқа да аудандарында болған. Осы айда облыстың Аягөз ауданында да су тасқыны болып, ондаған үйді су басқан еді.

ҚазАқпарат аймақта су деңгейі одан ары көтеріліп, су басады деп болжам жасалып отырғанын хабарлайды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы бірнеше күн бойы облыста жаңбыр жауады.