Тозған жатақханадағы тіршілік

Наурыздың 24-і күні Зеленодольск қаласы Гоголь көшесіндегі 45а мекен-жайында орналасқан ескі жатақхананың қабырғасының бір бөлігі құлап қалды

Ғимарат бұдан жарты ғасыр бұрын, 1967 жылы пайдалануға берілген

Жергілікті биліктің мәліметінше, 138 адам тіркеуде тұрған ескі жатақханадағы 44 бөлме жекешелендірілген

Жергілікті басылымдардың жазуынша, жатақхананың жалпы қарызы 2,2 миллион рубльге жеткен

Жергілікті билік қабырғасының бір бөлігі құлап қалған жатақхананың тұрғындарына бір тәуліктің ішінде қауіпті ғимаратты босатпағандар заңға тартылатыны туралы ескерткен

Ескі жатақхана тұрғындарына Васильеводағы санаторийге, Зеленодольскідегі ардагерлер үйіне, кейбіріне мейманханаға көшуді ұсынған. Бірақ ол жерде уақытша тұруға ғана рұқсат берілетінін естіген тұрғындардың бір бөлігі өздеріне тұрақты баспана берілмейінше жатақханадан шығудан бас тартқан

Қабырғасының бір бөлігі құлаған төрт қабатты жатақхананың сыртқы көрінісі

Апатты жағдайда деп танылған жатақхананың қосалқы есігі арқылы ғана кіріп-шығуға болатыны туралы жазу

Тұрғындардың айтуынша, ескі жатақханада негізінен тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар, қарт адамдар мен мүгедек жандар тұрады

Қала билігі бұған дейін тұрғындарға апатты жағдайда деп танылған ғимараттан көшу туралы ұсыныс жасаған. Бірақ тұрғындар ұсынылған өтемақыға баспана ала алмайтындарын алға тартып, жатақханадан көшуден бас тартқан

Ас дайындауға арналған бөлме

Жатақханадағы жуынатын бөлме

Төрт қабатты жатақхананың тақтаймен жабылған есігіндегі жазуда тек бірінші қабаттағы жуынатын бөлме мен әжетхананы пайдалануға болатыны айтылған

Жатақхана тұрғындары пайдаланатын әжетхана

Есігі жоқ әжетхана бөлмелері

Апатты жағдайда деп танылған ескі ғимарат тұрғындарды өздерін мәжбүрлі түрде шығарғысы келетін Зеленодольск қаласының билік орындарымен бірнеше жылдан бері дауласып жүр

Билік орындары ескі жатақхана тұрғындарына осы төңіректегі апатты деп танылған, қазір бос тұрған басқа үйлерге көшуді ұсынады. "Қабырғасы құлап жатқан мына жатақханаға қарағанда ол жерде қауіп аз" дейді олар

Билік өкілдері ескі жатақхана тұрғындарына "уақытша тұруды" ұсынған, бұған дейін апатты деп танылған, адамдар көшіп кеткен ескі үйлердің бірі

Зеленодольск қаласында жатақхана саны онша көп емес, бірақ олардың барлығының жағдайы осыған ұқсас дейді тұрғындар