БАҚ: Трамп қарулану бәсекесінде Путиннен озбақ ниетте

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин.

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ қаруланудан жаңа бәсеке басталса, жеңіп шығатынын мәлімдеді. NBC-дің Ақ үйдегі дереккөзіне сілтеп хабарлауынша, Трамп бұл туралы 20 наурыз күні Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескен кезінде айтқан.

Телеарна дереккөзі президент кеңесшілері оны Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту үшін қаталдық танытуға көндіргенін айтады. Дереккөзінің айтуынша, осындай әдіс-тәсіл ғана Украинаға танкіге қарсы қолданылатын Javelin кешенін жеткізуге негіз болған.

NBC-дің бір-бірінен тәуелсіз екі дереккөзі Путиннің жаңа ядролық қару туралы мәлімдемесі Трампқа қатты тигенін хабарлаған. Путин Ресейдің жаңа ядролық қару жасап жатқаны туралы 1 наурызда Федералдық кеңесте жасаған жыл сайынғы жолдауында мәлімдеген еді.