Қытай ғарыш нысаны ауа қабатында жанып кетті

Қытайдың Tiangong-1 ғарыш модулі. (Көрнекі сурет)

Қытайдың алғашқы ғарыш станциясы "Тяньгун" ("Аспан сарайы") Тынық мұхиты үстінде ауада жанып кетті. Қытай ғарыш агенттігінің 2 сәуірде хабарлауынша, қолданыстан шығып, ғарышта өз бетімен ұшып жүрген ғарыш нысанының көп бөлігі Жерге түспеді.

Қытай бұған дейін БҰҰ-ның ғарыш мәселесі жөніндегі басқармасына "Тяньгун-1" станциясы 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында орбитадан шығуы тиіс екенін және одан соң оны басқару мүмкін емесін ескерткен. Жағдайды Еуропа ғарыш агенттігі де бақылаған.

Салмағы 8 тонналық "Тяньгун-1" 2011 жылы 29 қыркүйекте ұшырылған. Станция 2016 жылы наурыздың соңында жұмысын толық тоқтатқан. Оған қытайлық ғарышкерлер екі рет экспедиция жасаған.

Бұған дейін Жерге құлаған жасанды жерсерігі - советтік және ресейлік "Мир" ғарыш станциясы болған. Оның салмағы 120 тоннаға жуықтайтын. "Мир" станциясы 2001 жылы 23 наурызда орбитадан шығарылып, Тынық мұхитына батырылған.