Полиция: Мюнстердегі оқиғаның теракт екеніне айғақ жоқ

Оқиға болған жерде тұрған полиция. Мюнстер қаласы, 7 сәуір 2018 жыл

Германия полициясының мәліметінше, сенбі күні Солтүстік Рейн - Вестфалия аймағындағы Мюнстер қаласында көшедегі дәмханада отырған адамдарды автокөлікпен таптаған деген күдікке ілінген 49 жастағы ер адамның денсаулығында психикалық ауытқушылық болған. Төтенше оқиғадан кейін күдікті өз-өзін атып өлтірген.

Оның үйіне тінту жүргізген полиция күдіктінің экстремистік топтармен байланысы туралы еш айғақ-дерек табылмағаны туралы мәлімдеген.

Ресми мәлімет бойынша, сенбі күні Мюнстерде болған оқиға салдарынан үш адам мерт болған. Зардап шеккен 30-ға жуық адамның алтауы ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

ВИДЕО: Мюнстерде автокөлік жұртты таптаған жер:

Your browser doesn’t support HTML5

Мюнстерде автокөлікпен кафедегі жұртты таптады

Германиялық басылымдар бұл оқиға исламшылдардың қатысы бар шабуыл болуы мүмкін деген жорамалдың расталмағаны туралы хабарлайды.