АМТ комбинатында жұмысшы қаза тапты

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы металлургиялық комбинаты цехтарының бірі.

"АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) компаниясының металлургиялық комбинатында жұмысшы қаза тапты деп хабарлады 9 сәуір күні компанияның ресми өкілі Алексей Агуреев.

Агуреевтің ақпараты бойынша, 45 жастағы жұмысшы 9 сәуір күні конвертер цехында "ықтимал жазатайым оқиғадан" мерт болған. Цех қызметкерлерінің сөзінше, ауыр автокран ауыр құрал-жабдықты көтерген кезде үзіліп кетіп, жерге түскенде жұмысшыны басып қалған.

Қайғылы оқиғаны тексеру үшін арнайы комисия құрылған.