Тәжікстан байланыс қызметі сауда орындары, базар, мейрамханалар мен қоғамдық орындарда сымсыз Wi-Fi интернетті пайдалану және сатуды тексеруді тапсырды.
Сауда орталықтары және мейрамхана қожайындары байланыс қызметі өкілдерінің ғимаратта Wi-Fi роутерлердің қолданылуын текскеруге келгенін хабарлады.
Байланыс қызметінің басшысы Бег Сабур 11 сәуірден бастап Wi-Fi қолданатын барлық мекемелерді тексеруді тапсырған.
Биліктегі дереккөздің хабарлауынша, тексеру "Байланыс туралы" заңға байланысты жүргізіліп жатыр. Жұмысшы тобының өкілдері "қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін" деген себеппен Wi-Fi құрылғылардың нөмірлерін жазып алып жатыр.
Тәжікстандағы мобильді операторлар қауымдастығының төрағасы Гафурджон Иркаев байланыс қызметінің тексеру жүргізуге хақы бар дейді. Ол Wi-Fi қызметін пайдалануға арнайы рұқсат алу оның бағасына әсер ететінін айтады. Бұдан былай кез-келген кәсіпкер сымсыз интернет орнату үшін, биліктен арнайы рұқсат алу керек.